"Нақты жоспар керек": Қанат Бозымбаев тасқынның алдын алу дайындығы туралы

ҚР Премьер министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырауға жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі ахуалмен танысты. Сапары аясында Жылыой ауданында болып, төтенше жағдай жарияланған өңірді барып көрді.                 

 «Бүгінгі таңда Иректі су қоймасынан ағып жатқан су көлемі секундына 2500 текше метрді құрайды. Алға қарай ол көрсеткіш секундына 4-4,5 мың текше метрге дейін жетуі мүмкін. Шекарадан бері қарай тасқын судың келуіне 15-20 күндей уақыт бар. Жайық өзені бойында орналасқан елдімекендерді қалай қорғап қаламыз? Бүгін осы мәселе бойынша кеңестік. Қажет болған қаражат Астанадан бөлінетін болады»  вице премьер Қанат Бозымбаев. 

Облыстық жедел штаб