Атырауда 6 наурыз күні тұман мен қатты дауыл тұрады деп күтілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Қазгидрометтің" мәлімдеуінше, бұл күні жаңбыр жаууы да ықтимал. Осындай ауа райы Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, БҚО, Қостанай, Жетісу, Павлодар, Ұлытау, Түркістан, ШҚО, СҚО мен Абай облысында да күтіледі.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ