Министр Аймағамбетов: "Демалыс күндері шараларға ата-аналар да тартылады"

"Бұл туралы елордада өткен Тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты" деп хабарлайды ATPress.kz "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Министр ата-ананы мектепке жақындатуды мақсат етіп отыр. Сол үшін де, Оқу-ағарту министрлгі демалыс күндердегі шараларды оқушылармен ғана өткізбей, ата-аналарды да қатыстыру тәжірибесін іске қосуға ниетті.

«Ата-аналардың мұғалімге деген құрметі өте маңызды. Ас үйде мұғалім туралы айтылған әңгіме баланың ұстазға деген қарым-қатынасын қалыптастыруы мүмкін. Сонда оқушы-мұғалім арасындағы байланыстың жақсы болуы ұстаздың біліміне, кәсібилігіне ғана емес, ата-ананың құрметіне де байланысты», - деп атап өтті министр Асхат Аймағамбетов.

Сондай ақ, ол биылғы оқу жылынан бастап мектепте өтетін ата-аналар жиналысының форматы өзгертетінін айтты.

«Егер ата-ана алдына келгенде, мұғалім әр баланың қай пәнді ұнататыны, бірақ, оны меңгеруде қандай проблемаға тап келіп жатқаны туралы мәлімет беріп отырса, ол ата-анаға өте маңызды ақпарат болар еді. Тек бағаны айтып шыққаннан бұл әлдеқайда тиімді. Жаңа оқу жылында осындай жұмысты қолға аламыз» деп нақтылады министр.

Баян Жанұзақова

Фото: ашық дереккөздерден