17 «тамыз», 2023 153

Жапырық және Бұзауслан елдімекендеріне таза ауызсу берілді


Әлеуметтік желіде Құрманғазы ауданының Жапырық және Бұзауслан ауылдарының тұрғындары су құбырынан иісі сасық көгерген су жүргенін жарияланған еді.

Оқиғаның мән-жайымен танысу үшін облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, аудан әкімі Абат Жанғалиев жағдайды тексерді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрманғазы ауылдық округінде Шарон өзенінен шығатын Бұзауслан өзегінің сағасы тартылып, су деңгейі төмендеп, сапасының нашарлауына байланысты, биылғы жылдың 5-16 тамыз аралығында су беру тоқтатылды. Алайда тұрғындарға таза ауыз су автокөлікпен тегін тасымалданды.

Десе де сол аралықта тұрғындарды сапалы таза ауыз сумен қамту мәселесін шешіліп, «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырынан Құрманғазы ауылдық округіне тиесілі 2 су тазарту қондырғыларына ауыз су берілді. Қазіргі уақытта Бұзауслан өзегін түп тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Құрманғазы, Еңбекші, Алға ауылдық округтері «Астрахань - Маңғышлақ» магистральды су құбырына қосылып, тұрғындарға таза ауыз су берілді.