Үйінен кеткеніне үш күн болған. Атыраулық азамат іздестірілуде

Бұл туралы ATPress.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаай отырып хабарлайды.

Атырау облысында жоғалған 65-жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Махамбет ауданының Сарайшық және Бейбарыс елді мекендерінің маңында  28 қаңтарда белгісіз бағытта үйінен шығып, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған 65 жастағы ер адамды іздеу жұмысы жалғасуда. 

Ресми ақпаратқа сүйенсек, осымен үшінші күнге ұласып отырған іздестіру жұмыстары кинологиялық есепті қатыстыра отырып, жақын маңдағы аумақты аралау арқылы жүзеге асырылып жатыр. 

 «Жайық өзеніне сүңгуірлер түсті. Іздеу жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 5 қызметкері, 1 кинологиялық есеп және 2 бірлік техника, ЖАО 1 қызметкер және 1 бірлік техника, АПБ 2 қызметкер және 2 бірлік техника, еріктілерден 20 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды» делінген департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.