Төтенше жағдайлар департаментінің қызсектерлері Құрманғазы және Жылыой аудандарында жоғалған бақташыны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress облыcтық ТЖД-нің қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.
29 мамыр күні іздестіру-құтқару жұмыстарына "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Бортында 5 экипаж мүшесі, ТЖД 4 қызметкері және туысқаны бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 24 мамыр күні 15:12 сағатта Жылыой ауданында мал бақташысы шаруа қожалықтарының бірінен шығып, кері оралмағаны туралы шақырту түскен болатын.
Жоғалған 1986 жылы туылған мал бақташысы 23 мамыр күні 17:00 сағатта Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінен шығып кеткен. Сол күні шақырту түскен бойда дереу іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, ТЖД, полиция қызметкерлері және туысқандары жұмылдырылды.
Сонымен қатар,төртінші күн бойы Құрманғазы ауданынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан Ж.Нажимеденов ауылына қарасты Қошалақ елді мекеніндегі "Теміржанов" шаруа қожалығынан 26 мамыр күні сағат 14:00 шамасында мал іздеуге шығып, қайта оралмаған бақташысы 1963 жылы туған азамат ты іздестіру жалғасып жатыр.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД –нің 4 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.