Тауман Амандосов атындағы сыйлығын беру үшін ең үздік журналистік жұмыстарға конкурс жарияланды

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы облыс әкімінің қолдауымен қазақ журналистикасының негізін салушы, профессор Тауман Амандосов атындағы сыйлықты беру үшін ең үздік журналистік жұмыстарға конкурс жариялайды.

Конкурсқа БАҚ-ның материалдары (баспа, телеарна редакциялары мен интернет-басылымдардың тілшілері ) 2021 жылдың 1 қаңтар мен 2022 жылдың 20 маусым аралығындағы жұмыстары ұсынылады.

Қатысушының ұсынатын материалы бесеуден  аспауы тиіс.

Конкурсқа қабылданатын материалдың тақырыптары:

«Халық пен нарық» - өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы, кәсіпкерлік, баға, инфрақұрылым туралы сараптамалық, проблемалық материалдар;

«Тамыры терең тарих» - ел, өлке тарихы туралы материалдар;

«Экономика тірегі - тұрақтылық» - талдау-сараптамалық материалдар.

Конкурс қорытындысын комиссия «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» мерекесі қарсаңында хабарлайды.

Конкурсқа қажетті құжаттар облыстық Ішкі саясат басқармасының Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөліміне 2022 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады.

Біздің мекен жайымыз: Атырау қ., Әйтеке би көшесі, 77, 105 кабинет.

Телефон: 95-68-03.