«Тайсойған-Миялы» магистралды су құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Жұмыстар жоспар бойынша 2025 жылы аяқталады, деп хабарлайды AtyrauPress.

«Тайсойған-Миялы» магистралды су құбыры құрылысын мердігер «Сапа құрылыс-2007» ЖШС жүргізуде. Бұл жобаның мақсаты - Миялы және Жангелдин ауылдарының тұрғындарын тұрақты ауыз сумен қамту. 

Қазіргі кезде қашықтығы 73,5 шақырым су құбырының 26,0 шақырымы жүргізілді. Жоба бойынша 12 дана су ұңғымасы қазылды, енді 2 дана су айдау бекеті салынады.
Жоспар бойынша құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың наурыз айында бастап, 2025 жылы аяқтау көзделген. Тапсырыс беруші - Cу ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті.