Құрылыс алаңында жаттығу жасаған атыраулық жұмысшылар елді тәнті етті (видео)

Құрылыс алаңында таңғы денешынықтыру жаттығуларын белсенді түрде жасаған атыраулық құрылысшылар елді тәнті етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бейнежазба кездейсоқ түсірілген. Әлеуметтік желі пайдаланушыларының барлығы дерлік жақсы пікір қалдырған. Осы ретте, ірі құрылыс компаниясының өкілі бұл бейнежазбаға қатысты пікір білдірді.

«Жұмысшыларымыздың  жаттығу жасағанын түсіріп алған бейнежазба авторына алғыс айтамыз! Онда әріптестеріміз бір деммен таңғы жаттығуды жасап жатыр. BI Group компаниясының құрылыс алаңдарында көпжылдан бері қалыптасқан дәстүр бар. Ол – жұмыс күні басталар алдында арнайы инструктаж бойынша 5 минут бойы жаттығу жасалады. Осылайша, құрылысшылар іске көтеріңкі көңіл-күйде кіріседі.  Таңертеңгілік жаттығулар - Корея, Жапония және басқа да дамыған елдердің құрылыс нысандарында қалыпты жағдай болып саналады. Егер біздің тәжірибемізді әртүрлі салалардағы басқа қазақстандық компаниялар да алса, қуанар едік!"- деп атап өтті құрылыс компаниясының өкілі.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА