Бизнес субъектілері бастапқы кезеңде өңделмеген күйінде салқындатылған және мұздатылған көксерке және жайын балықтарының экспортын шектеуді ұсынды, деп хабарлайды AtyrauPress Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.
Биыл 30 наурызда Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен көксерке мен жайын балықтарын 6 ай мерзімге өңделмеген түрде экспорттауға тыйым салу туралы тиісті бұйрық қабылданды. Бұйрық осы жылдың 15 сәуірінен 15 қазанға дейін іске асырылады.
«Бұдан басқа, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне кейінірек 2025 жылға қарай толық тыйым салынғанға дейін өңделмеген түрдегі ең коммерциялық және гастрономиялық құнды балық түрлерінің экспортына шектеулер енгізу құзыретін заңнамалық түрде беру жоспарлануда. Өңделмеген балық экспортына шектеулерді енгізу жоғары қосылған құны бар терең өңделген өнімдерді шығаруға, сондай-ақ ішкі нарықты молайтуға ықпал етеді, бұл бағаның төмендеуіне әсер етуі мүмкін және оның халық үшін кеңірек қолжетімділігін қамтамасыз етеді, - делінген хабарламада.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 8 қарашада Атырау облысына жұмыс сапары барысында, қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін терең өңдеу көлемін арттыру мақсатында өңделмеген балық экспортына шектеулер туралы ұсыныс енгізуді тапсырды.
Балық шаруашылығы комитеті теңдестірілген шешім қабылдау үшін, пысықталған талдау негізінде бизнес субъектілерімен бірқатар кеңестер өткізіп, соның нәтижесінде бизнес субъектілері бастапқы кезеңде өңделмеген күйінде салқындатылған және мұздатылған көксерке және жайын балықтарының экспортын шектеуді ұсынды.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА