Құлсарыда тамыз айының соңына дейін 80 үй пайдалануға беріледі

Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа ықшам аудан бой көтерді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 «Болашақ» деп аталатын жаңа ауданға кезең-кезеңімен 100 отбасы қоныстанады. Қазір, мұнда құрылыс жұмыстары қарқын алған. Нәтижесінде, осы айдың соңына дейін 80 үй пайдалануға берілсе, қалған 20 үй қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде. 

- Әр үйдің көлемі 100 шаршы метр, 5 бөлмеден тұрады.  Қазіргі уақытта, 81 үйдің қабырға қалау жұмыстары бітті. 41 үйдің төбежабындысын жабу жұмыстары жүріп жатыр. 22 үйдің сылақ жұмыстары басталды. 31 үйге электр, 16 үйге су, 16 үйге кәріз желісі тартылды, - деді облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Н.Құсайынов