Енді атыраулықтар ауласын шөптен тазартуға міндетті ме?
Облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру қағидасының бірінші ережесінде заңды және жеке тұлғалар өзіне тиесілі немесе меншігіндегі басқа да аумақтағы 5 метрге дейінгі аралықты абаттандыру жұмысына жауапты екені көрсетілген, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мәселен, әрбір тұрғын ауласының алдын шөптен тазартуға заңмен міндеттеледі. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, егер тазалықты сақтамай, абаттандыру қағидатын бұзса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505-бабымен:
- жеке тұлғаларға - 20 АЕК;
- шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 40 АЕК;құқ
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 100 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.