Биыл Атырауға 22 мыңға жуық азамат көшіп келді

Соңғы 9 айлық көрсеткіш бойынша облысқа келгендер саны 21 537 адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Құмарғалиев мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оның ішінде сыртқы көші-қон бойынша 466 адам көшіп келген. Бұл көрсеткіш өткен жылы 13709 адамды құраған еді. Сәйкесінше, облысымызға көшіп келушілердің саны шамамен 9000 адамға өсіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

- ТМД елдерінен 440 адам, атап айтсақ 213 азамат Рессейден, 205 адам Өзбекестаннан, ал әлемнің басқа елдерінен 26 азамат көшіп келді. Қазақстанның басқа өңірлерінен 5226 адам біздің өңірге қоныс аударды. Олардың ішінде 15,7% – Астана қаласынан,  5,5% – Түркістан облысынан, 18,4% – Ақтөбе облысынан,- деді Н. Құмарғалиев.

Айта кетейік, облыс ішінде қоныс аударғандар саны 15 845 адамды құрап отыр.