Біріккен газ-химия зауытында пропан беру басталды

Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. компаниясы Атырау қаласындағы біріккен газ-химиялық зауытта іске қосу-реттеу жұмыстарының бірінші кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлады. 8 шілдеде “Самұрық-Қазына" компаниялар тобына кіретін Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. компаниясы Атырау қаласындағы біріккен газ-химиялық зауытта іске қосу-реттеу жұмыстарының бірінші кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлады. Зауытта технологиялық қондырғыларға пропан беру басталды. Келесі аптада компания іске қосу – реттеу жұмыстарының екінші кезеңіне - пропанды дегидрлеу реакторларына катализаторды жүктеуге кіріседі. Зауытта өндірісті іске қосу тамыз айына белгіленген. Атырау маңындағы біріккен газ-химия кешені - Қазақстанның мұнай-газ-химия саласындағы алғашқы ірі жобасы. Зауытта Теңіз кен орнынан жеткізілетін пропаннан полипропилен өндіріледі. Бұл - пластикалық жіптер, құбырлар, пленкалар, сөмкелер, медициналық және басқа да өнімдерді өндіруге арналған негізгі шикізат. Зауыттың қуаттылығы жылына 500 000 тонна полипропиленді құрайды