26 Шілде, 2022 571

Бесікті ауылында балабақша құрылысы басталады

 Бесікті ауылында балабақша құрылысы басталады

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бесікті ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы басталады. Екі қабатты ғимараттың жобасын жасаушы – «Стройдизайнсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс жұмыстарын «ARSM» мердігер мекемесі жүргізеді.

Сонымен қатар, жаңа балабақша құрылысы Береке ауылынан салынады. Қазіргі таңда бөбекжай құрылысына жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтуде.

Сараптаманың оң қорытындысы шыққан соң, қаражат бөлінуіне қарай құрылысы басталады. Тапсырыс беруші - Атырау облысы құрылыс басқармасы.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева өңірдегі балабақшаларда орын жеткіліксіз екенін айтып, бүгінде ата-аналардан арыз-шағым көп түсетінін жеткізді.

Осы орайда, ол жаңа бөбекжайлар мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтуда бірқатар мәселелерді шешпек дейді.