"Балаларын қарамай, туысына тастап кетеді"

Атырауда балаларын туысының үйіне тастап кеткен әйел анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қазір елімізде республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсат – жасөсіпірімдердің қатысуымен орын алатын және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтарды анықтау, ата-ана міндетін дұрыс орындамаған тұлғаларды тексеру.

Осындай тексеріс барысында Атырау қаласында М.Қазырет көшесінде орналасқан үйді тексеру барысында  2004 жылы туған әйел өзінің екі жасөспірім баласын қараусыз қалдыратыны анықталды. Екі баланың анасы өте лас үйде тұратыны белгілі болып отыр. Ал, балаларын туыстарының үйіне тастап кетеді екен. 19 жастағы әйел адам расымен бала тәрбиесімен айналаспайтынын, бірнеше күн хабар-ошақсыз кетіп қалатынын өзі де мойындаған. 

"Қазір балалар сәбилер үйіне орналастырылды. Ал, безбүйрек анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан әрі аталған іс Атырау қаласының әкімдігі  жанындағы комиссияда қаралады" дейді облыстық полиция департаментіндегілер.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ