Бөкейхан ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің әмліметінше, Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы 60%-ға аяқталған. Бұл туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жаслан Сүндетов мәлім етті. Оның айтуынша, қазір жаңа нысанның ішкі жұмыстары жүргізілуде, сырты силикатты кірпішпен қапталып, инженерлік желілер тартылған. .
- Ауылдың клубы апатты жағдайда деп танылғаннан кейін, жаңа мәдени нысанның жобасы жасақталды. Оған тапсырыс беруші аудандық құрылыс бөлімі ал, жауапты бас мердігер «Гранд-Мастер» ЖШС-гі. Болашақ өнер ордасында 300 орындық көрермен залы, 20 адамдық хореография және кітап сақтау бөлмесі мен оқырмандар залы болады. Сондай-ақ, грим және үйірме бөлмелері мен 36 орындық асхана қарастырылған, - деді Ж.Сүндетов.