Нарықта 5 мың теңге тұратын көшетті Мақат аудандық әкімдігі үш есе қымбат бағаға сатып алмақ болған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметіндегілер мәлім етті.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің еріктілері мемлекеттік сатып алу порталына тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, Мақат ауданы әкімінің аппараты көшет сатып алу бағасын үш есеге көтергені анықталды. Сөйтіп, әдеттегі 5 мың теңгенің көшетін 15 мыңға сатқан. Аудандық әкімдік бұл мақсатқа 1,5 млн теңге бөлген. Еріктілер тиісті іс-шара қабылдау үшін облыстық департаментке хат жолдады. Өз кезегінде департамент аудан әкімінің аппаратына мемлекеттік сатып алуды қайта қарау туралы ұсыныс берді. Осылйша, көшет сатып алуға қатысты жарияланған лот жойылды» делінген департамент жауабында.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ