Қазақстанда орташа жалақы төмендеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Елімізде аяқ астынан орташа жалақы мөлшері азайып кетті. Бұл мұнайлы мекендегі жағдайға да әсер етпей қоймады. Бұл туралы мамандар мәлім етті. Сандарды сөйлетсек, биылдың екінші тоқсанында бір айлық еңбекақы 312 мың теңгені құраса, үшінші тоқсанда 299 782 теңге болған.
Соның ішінде, медицина қызметкерлерінің жалақысы 189 мың теңгеге дейін азайып отыр.
Айта кетейік, орташа жалақы деп ең жоғарғы және ең төменгі жалақының қақ ортасындағы көрсеткішті айтады. Бір сөзбен айтқанда, еліміздегі жұмысшылардың жартысы орташа жалақыдан жоғары, қалғаны төмен алады.
Бір қызығы, былтыр республикада Атырау облысы ең жоғары орташа атаулы ақшалай табыспен (230,2 мың теңге) көш бастаған болатын. Енді биыл көрсеткіштің қалай құбылатыны жыл соңында белгілі болмақ.