Атыраулық спортшы ел біріншілігінде топ жарды

Бектұрған Олжас ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Астана қаласында ауыр атлетикадан 2008 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Облыстық спорт басқармасынан білгеніміздей, +73 келі салмақта атыраулық спортшы Бектұрған Олжас қола жүлдеге ие болды. Ол жұлқа көтеруде 93 келі және серпе көтеруде 117 келі, қоссайыс нәтижесінде барлығы 210 келі көтеріп, үшінші орыннан көрінді.

Олжас Мақат аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Жаттықтырушысы Космурзиев Амир