Атыраулық полицейлер алтын бұйымдарын ұрлаған 2 азаматты ұстады

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

20 қаңтар күні қала тұрғыны “102” арнасына хабарласып, күндізгі уақытта оның үйіне белгісіз тұлғалар кіріп, өзіне тиесілі алтын бұйымдарын ұрлап кеткені жөнінде хабарлама берген.
 

Осы ретте тәртіп сақшылары жедел-іздестіріп жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізеді. Түнде Атырау қалалық полиция басқармасының Патрульдік полиция қызметкерлері Ерболат Шайхиев пен Абылайхан Қартқожаев әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында Махамбет көшесі бойынан маркасы Baz 2112 автокөлігін тоқтатып тексеру кезінде, артында отырған екі жолаушысы себепсіз автокөліктен түсіп, кетпекші болған. Осы әрекеттері үшін күдік тудырған екі жігітті патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, тексеру барысында 1995 ж.т және 1997 ж.т. азаматтардың қалтасынан әртүрлі алтын бұйымдар тауып, күдіктілер Атырау қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобына тапсырылды.
 

Ал қызмет барысында осындай кәсібилік қабілеттерімен ұрлықтың жолын кескен қос тәртіп сақшысы: полиция лейтенанты Абылайхан Қартқожақов пен полиция аға лейтенанты Ерболат Шайхиев Атырау қалалық басқармасының саптық жиынында Басқарма бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Әнуар Кокаловтың алғыс хатымен марапатталды.