Атыраулық парадзюдошылар халықаралық турнирде топ жарды!

10-11 желтоқсан күндері Жапонияда парадзюдодан «TOKYO OPEN» халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Онда атыраулық парадзюдошы Ерлан Өтепов алтын және Токио паралимпиадасының күміс жүлдегері Әнуар Сариев қола медаль алды.

– J1 санаты бойынша +90 келі салмақта бақ сынаған Ерлан Өтепов ақтық сында қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Ал, 60 келі салмақтағы Әнуар Сариев J2 санатында бақ сынады, – делінген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хабарламасында. 

Фото: inform.kz