АТЫРАУЛЫҚ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУДЕ

Шілде айының екінші жексенбісінде Қазақстан балық шаруашылығы қызметкерлерінің күнін атап өтеді.

Бұл дәстүр кеңес одағы кезеңінен қалыптасқан. Көршілес елдерде атаулы дата «Балықшы күні» мерекесі ретінде аталып өтілсе, Қазақстанда ресми түрде «Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні» есебінде тойланады. Соның арқасында мереке қарсаңында су маржандарын аулайтын балықшылардың ғана емес, саланы дамыту бағытында еңбек етіп отырған барлық қызметкердің еңбегі еленеді. Бұл тұста балық шаруашылығын дамытуда қызмет етіп отырған шағын және орта бизнес иелерінің де еңбегі зор. Себебі, жеке бизнес-бұл саладағы жұмыс орындарын ашып, мемлекеттік қазынаны салық түрінде толтыру ғана емес, сонымен қатар балық қорын көбейту. Жергілікті балық шаруашылығы басқармалары да кәсіпкерлер мен билік арасында көпір болып, ғылымның дамуына қолдау көрсетіп отыр. Атырау өңірі - қара алтынның отаны ғана емес, ол балығы тайдай тулаған су маржанымен де танымал. Балық отаны болып саналатын облыста осы салаға қатысты ғасырдан астам тарих жатыр. Соңғы жылдары мемлекет саланы дамытуға баса назар аударып отыр. Ілгерілеу бар. Бүгінде Атырау облысында нәпақасын балықпен тауып отырған 19 кооператив пен ЖШС және шаруа қожалығы бар. Онда 3 мыңнан астам жергілікті азамат қызмет етеді. Тек биылғы жылдың ақпан, мамыр айларында Атырау облысының балық өндіруші және өңдеуші кәсіпорындары Ресей, Әзірбайжан, Израиль сияқты елдерге 10 мың тоннадан астам балық және 800 тоннадан астам әртүрлі балық өнімдерін экспорттады. Бұдан бөлек ішкі нарық қамтылып отыр. Атыраудағы екі бекіре балық өсіру зауытының еңбегі де зор. Олар бағалы су маржанын өсіріп, зерттеп, Каспий теңізінің қорын молайтуға атсалысып отыр. Мемлекеттік тапсырыс аясында екі зауыт жыл сайын 7 мыңнан астам беріке балығының шабақтарын су айдынына жібереді. Кәсіби мерекеге орай Атырауда сала ардагерлері мен еңбегі сіңген білікті мамандар марапатталмақ. Кез-келген саладағыдай – балық шаруашылығындағы басты капитал да – кадр.