Атырау қаласында GTF таеквондодан жастар мен ересектер арасында Қазақстан Чемпионаты өтті. Бұл сайысқа еліміздің әр өңірінен 400-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атыраулық спортшылар жастар арасында 5 алтын, 5 күміс және 8 қола жеңіп алса, ересектер 1 алтын және 2 қола еншіледі. Жалпы командалық есепте Атырау облысы екінші орынға тұрақтады.
Ересектер арасында облыс аға жаттықтырушысы Берік Әлжанов алтын медальді жеңіп алса, Есболат Рахиденов екі қола жүлдеге ие болды.
Жастар арасында Демегенов Айбек, Толстов Матвей, Дюсенбаева Дильназ, Көшбай Бекзат жарыс жеңімпаздар атанды.
Эльмира Мықтыбаева