Атыраулық тұрғын баласын балағаттаған жасөспірімді сотқа берді

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткені үшін (ҚК-тің 131-бабының 1-бөлігі) айыпталған кәмелетке толмаған А.-ға қатысты жеке айыптау қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Іс құжаттарына сәйкес, жекеше айыптаушы Д. сотқа жекеше шағым жолдаған. Онда кәмелетке толмаған А. өзін үйінің алдында әдепсіз түрде былапыт сөздер айтып, ар-намысына тиетін сөздемен кемсіткенін, кәмелетке толмаған баласын балағаттап, қорлағанын көрсеткен. Сөйтіп, А.-ны қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұрады.

Сот тараптарға бітімге келу мүмкіндіктері туралы түсіндіріп берді. Нәтижесінде, сот талқылауы басталғанға дейін тараптар татуласып, өзара медиациялық келісімге келді. Осылайша, іс тоқтатылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ