Атыраулық оқушының тілге құрметі елді сүйсінтті

Атыраулық Арсен Кимнің қазақ тіліне деген құрметі ерекше, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жасөспірім облыс орталығындағы А.С. Пушкин атындағы орта мектептің 7-ші қазақ сыныбында оқиды. Пәндік олимпиадалар мен спорттық жарыстар жүлдегері. Қазақ тілін жетік меңгерген кәріс баласы ұстаздарын түрлі жетістіктерімен қуантып келеді.

- Арсен Ким жуырда өткен қалалық олимпиадада математика пәнінен 1-ші орынды иеленіп, мектебінің мәртебесін көтерген. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлайтын бала қазақ тілін әлемдегі ең әдемі тіл - деп есептейді. Және жанына жақын тілде білім алып жатқанын мақтан тұтады. Ол қазақтың ұлттық ойыны асық атудан алдына жан салмайды. Биыл ол асық атудан өткен қалалық турнирден 1 орынды иеленіп, облыстық турнирде жүлделі  4-орын алған. Гандбол, баскетбол үйірмелеріне де қатысады, - дейді Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ