Атыраулық ата-аналар жауапқа тартылды

Атырауда белгіленбеген жерде суға түскен жасөспірімдердің ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жаз мезгілі келгенде суға шомылу кезеңі де басталады. Алайда, суға түсу маусымы басталмастан бұрын қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерде суға түсетіндер көп. Оның ішінде жазғы демалыста жүрген жасөспірімдер де бар.

Мәселен, 13 маусым күні сағат 15:00 шамасында №2 қалалық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, Алиев көпірінің Жайық өзені жағалауында белгіленбеген орында суға түсіп жүрген жасөспірімдерді анықтады. Аталған жасөспірімдер №2 қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, ата-аналарына профилактикалық жұмыс жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ