Бұл туралы AtyrauPress тілшісі облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
3-10 нарыз күндері Черногория мемлекетінің Будва қаласында бокстан жастар арасында Әлем Кубогі өтті. Сайысқа 22 мемлекет өкілдері қатысты.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында атыраулық спортшы Алмас Хиникин 46 келі салмақта қола жүлдеге ие болды.