Атыраудың қақ ортасындағы төбелес камераға түсіп қалды (+ВИДЕО)

Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

30 желтоқсан күні  сағат 00:50 шамасында жылдам ас әзірлейтін дәмханалардың бірінде 1999, 1996 жылы туған екі тұрғын өзара сөзге келіп қалған. Нәтижесінде жасы кішісі үлкенін құлатып ұрған. Жарақат алғандар жоқ.

Патруль полиция батальонының қызметкерлері  жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, ізін суытпай құқықбұзушылыққа жол бергендерді анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен әкімшілік қамауға алынды. Іс-құжаттар жинақталып сотқа жолданады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ