Атыраудан 150 мыңға жуық адам пойызбен кетіп қалған...

Өңірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған 7 сәуірден бері 141 084 адам Маңғыстау, Алматы, Астанаға жол жүріп кеткені белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл бағытта «ҚТЖ» қосымша 170 вагон шығарған. Оның 105-і «Атырау-Маңғыстау» бағытында.  

«Төтенше жағдай жарияланғалы Атырау теміржол бекеті қаладан кетуге асыққан жолаушыларға лық толы. Көбінесе, әйелдер мен балалар кетіп жатыр. Әсіресе, Маңғыстауға кетушілер көп» дейді Атырау теміржол бекетінің басшысы Айгүл Кульшикова.

9 сәуірден бері Маңғыстауға 109 мың, Алматыға 28 мың, Астанаға 3700 адам аттанған. Күн сайын мың шақты жолаушы сапар шегуде.  

«Жергілікті әкімдіктің сұранысымен 5 сәуірден бастап «Құлсары-Атырау-Құлсары» бағытында тегін пойыз жолға шықты. Ол 21 сәуірге дейін 12 мыңнан астам адамды тасымалдап үлгерді. Сондай-ақ, Құлсары-Маңғыстау бағытында тағы екі пойыз іске қосылып, 700 адам діттеген жеріне жеткізілді. Соңғы екі күнде аталған бағыттарға сұраныс азайды. Айталық, кеше, 21 сәуірде «Атырау-Алматы» пойызына 466 билеттің тек 244-і ғана сатылған. Бұрынғыдай дүрлігу жоқ» дейді Жолаушылар тасымалы бойынша Батыс өңірлік бөлімшесі Атырау учаскесінің басшысы Әлмұқан Есқалиев.

Ләззат СӘЛІМОВА

Фотосуреттер автордікі

Аударған: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ