Атыраудағы жарылыстан бір адам көз жұмды

Көкарна ауылындағы үйде тұрмыстық газ жарылып, бес адам ауруханаға түскен болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бір адамның жансақтау бөлімінде қайтыс болғанын мәлім етті.

«Өмірмен сәйкес келмейтін жарақаттан 1964 жылы туған науқас есіне келместен көз жұмды» делінген хабарламада.

Қалған екі бала мен екі ересектің жағдайы ауыр. 

Айта кетейік, зардап шеккендер – 59 жастағы ер адам мен оның 22 жастағы келіні және 2021, 2023 жылы туған немерелері.

Еске сала кетейік, 2 қаңтарда сағат 11:10-да Call-орталығына Атырау қаласы, Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны жөнінде қоңырау түсіп, 140 шаршы метр алаңда өрт тұтанған болатын.

Фото: ru.freepik.com