Атыраудағы №3 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын қайта бастады

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы филиалының басшысы Мұса Хайруллиев хабарлады.

М.Хайруллиевтің айтуынша,  Азаттық 96Б көшесіндегі  №3 Халыққа қызмет көрсету орталығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінде жұмыс істеуге толық дайын.

Осыған дейін халыққа қызмет көрсету орталығында жарық мәселесі қалыпа келтіріліп, ғимараттың шатыры жөндеуден өтті.

Еске сала кетейік, осыған дейін №3 Халыққа қызмет көрсету орталығы  «Нұрсая» шағынауданына көшірілген еді.