Атырауда жергілікті өнімдердің жәрмеңке-көрмесі өтті

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында өткен жәрмеңкеге 34 кәсіпкер қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Олардың  арасынан үш үздік анықталып,  Астанада өтетін көрмеге жолдама алады. Сондай-ақ, оларға 5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз несие алу мүмкіндігі беріледі.
"Қазір 34 шағын кәсіпкер мен кәсіпке икемі бар азаматтар өнімдерін қалың жұртшылыққа ұсынды. Іс-шараның мақсаты - табыс көзін арттырып, жергілікті өнімді арттыру, бәсекеге қабілетті ету. Сонымен қатар кәсіпкерлерге, басқада кәсіп иелерімен танысып, өнім көлемін ұлғайтуға, серіктестік құрып, келіссөздер жүргізуге, инвестиция тартып, жаңа орта қалыптастыруға да мүмкіндік көп", - деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев.