Атырауда жаяу жүргінші өткелінің құрылысы тоқтатылды

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен Сәтпаев, 43 «а» мекен-жайында жүргізіліп жатқан құрылысқа жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, бірқатар кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Құрылысқа тапсырыс беруші «Сункар Девелопмент» ЖШС-іне қатысты жеке тұлғадан арыз түсуі – тексеріс жүргізуге негіз болыпты. Нәтижесінде, көлемді құрылыс жұмыстары ресми рұқсат құжаттарынсыз басталғаны анықталып отыр. Заңға сәйкес аталған мекемеге айыппұл салынып, қажетті құжаттардың қажеттілі жөнінде ұйғарым берілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ