Атырауда жетімдердің баспана алу құқығы бұзылған

Атырау қаласының прокуратурасы Білім бөлімінің лауазымды тұлғаларымен жетім балалардың мүліктік құқықтарын өрескел елемеуі фактілерін анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар жетім балалардың үйінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Бірақ, бес жетім баланың мүлкін үшінші тұлғаларға сатуға заңда көзделген шектеулер қойылмағаны анықталып отыр. Салдарынан олар өздеріне тиесілі мүліктен айырылып қалуы әбден мүмкін. Прокурорлық қадағалау шараларымен осы мүлікті иеліктен шығаруға жол берілмей, оларға тиісті ауыртпалықтар салынды және мұралар ашылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ