Атырауда заңсыз қару тасымалдаудың 40 дерегі анықталды

Атырау облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мақсат, облыс аумағында заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді тәркілеу, оларды сатып алу көздерін және заңсыз жеткізу арналарын анықтау.
"Іс-шара барысында заңсыз электр шокер сатқан тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482 бабымен  хаттама жасақталды. Бұдан бөлек, анықталған деректер бойынша ҚР ӘҚБК-нің 486 бабы бойынша 6 хаттама, 484 бабымен 2 хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Аталған іс-шара тамыз айының 11-не дейін жалғасады", - деп мәлім етті  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында заңсыз айналымдағы, тіркелмей немесе құжатсыз қалып қойған қару мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттар анықталған жағдайда, өз еркімен полицияға тапсыруға болады. Олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатыны ескертіледі.

Фото pixabay.com