Бұл туралы Махамбет аудандық соты мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Сотта ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен азаматша К.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Анықталғандай, 36 жастағы Махамбет тұрғыны Сарайшық ауылында мас күйде көлік жүргізген. Бұл үшін заңда 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза көзделген. Бірақ, ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 14 жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайды. Осыны ескерген сот кінәліні 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ