06 «Сәуір», 2022 2900

Атырауда үш күн бойы ыстық су берілмейді

 Атырауда үш күн бойы ыстық су берілмейді

Бұл туралы ATPress.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтей отырып хабарлайды. Уақытша ыстық су берілмеуінің себебі мынада.  «Атырау жылу желілері» акционерлік қоғамы 19 - 21 сәуір аралығында магистралдық және тарату жылу желілерінде гидравликалық беріктік пен тығыздыққа сынақтар жүргізетін болады. Бұл күндері тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылады. «Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сынау кезеңінде жылу трассасының құбырларына 10 метрден жақын қашықтыққа жақындамауды сұраймыз, сондай-ақ құбыр жолдарында ағулар мен жарылулар пайда болған жағдайда 8-7122-994307,  99-43-98, 32-22-58 байланыс телефондарына дереу хабарлауды өтінеміз» делінген хабарламада.