Қала әкімінің шешімімен қайта құрылған «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Хамидуллаев Бақтияр Жексенбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бақтияр Хамидуллаев 1993 жылы Атырау қаласында дүниеге келген . 2013 жылы Атырау аграрлы-техникалық колледжін аяқтап, техник-құрылысшы, үйлерді салу және пайдалану мамандығын, 2016 жылы – Мемлекеттік Атырау мұнай және газ институтын тәмамдап, құрылыс мамандығын алған. Еңбек жолын 2015 жылы бастаған Бақтияр Жексенбайұлы 2018 жылдан бері мемлекеттік қызметте.
Тағайындалғанға дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ