Атырауда театр алаңы қайта жөнделіп жатыр

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Махамбет атындағы драма театры алдындағы субұрқақ қалыпқа келтірілуде.
 
Қазіргі таңда сұбұрқақтың ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу және төсем тастарды қайта қалпына келтіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
 
Бүгінгі күні субұрқақтардың сыртқы гранттық жабындыларын бұзу, бұрқақ жүйесін ауыстыру бағытында алғашқы жұмыстары қолға алынған.
Тиісті жұмыстарды конкурс нәтижесіне сәйкес «Аманстройком» ЖШС  жүргізіп отыр.