Атырауда экологияға қатысты 189 813 449 теңге мөлшерінде 79 әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылды, оның ішінде 80 млн. теңгеге жуық сомасына 63 айыппұл ерікті түрде өндіріліп алынды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы Атырау облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Сырым Тлегенов экологиялық мәселелер бойынша өткен жиында мәлімдеді.
- Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімімен 6 ай қорытындысы бойынша 57 тексеру жүргізіліп, экологиялық заңнама талаптарының 131 бұзушылығы анықталды.
Департаментпен 189 813 449 теңге мөлшерінде 79 әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылды, оның ішінде: 79 404 265 теңге сомасына 63 айыппұл ерікті түрде өндіріліп алынды.
Қалған материалдар қаралу үстінде, - деді ол.