Атырауда тұрғын үйлердің маңында мұнай төгіліп жатқаны рас па?

Атырау қаласына қарасты Қызылбалық ауылындағы жеке үйлердің тұсында мұнайға ұқсас қалдықтар төгілгені анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы сол жердегі тұрғындар хабарлап отыр. Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі бұл қалдықтардың мұнайдан шығуы мүмкін екенін жеткізді. Қазір бұл мәселе полиция басқармасы мен әкімдікте қаралып жатыр.

Еске сала кетейік, бұл алғашқы жағдай емес. Бұған дейін Махамбет ауданындағы Есбол ауылдық округінен 40 шақырым қашықтықта мұнай төгілген еді. Сондай-ақ, былтыр Құрманғазы ауданындағы Сүйіндік ауылдық округінің аумағында мұнайға ұқсас сұйықтық төгілген болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ