26 «Сәуір», 2022 886

Атырауда суға кеткен тағы бір адамның мүрдесі табылды

 Атырауда суға кеткен тағы бір адамның мүрдесі табылды

Атырауда суға кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды деп хабарлайды ATPress.kz.

  Бұл туралы Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «25 сәуір күні сағат 21.45-те Атырау қаласы Водников ықшам ауданындағы Теплый каналында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен (3 қызметкер, 1 бірлік техника, 1 жүзу құралы) 1977 жылы туған ер адамның мүрдесі табылып, судан шығарылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды» делінген хабарламада.