Атырауда суға батып кеткен ер бала іздестіріліп жатыр

Жедел-құтқару жасағы Жайық өзеніне батып кеткен маңғыстаулық ер баланы іздестіріп жатыр

Атырау облысы Төтенше Жағдай департаментінің қоғаммен байланыс тобының хаьарлауынша, шомылуға тыйым  салынған жерде суға түсіп, батып кеткен Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының 2009 жылы туған тұрғыны іздестірілуде. Ол 19 маусым күні күндізгі сағат 12.00-ден 14 минут кеткен кезде суға батқан.

Бүгін, 21 маусымкүні сағат тоғыздан бастап Жайық өзенінде суға батқан адамды сүңгуірлер іздеп жатыр. Оған жедел-құтқару жасағы: 4 қызметкер, 1 техника мен 1 қайық және аудандық полиция бөлімінен 4 қызметкер, 1 техника, жергілікті тұрғындардан 10 адам мен 1 техника жұмылдырылды.