Атырауда соңғы үш жылда 68 адам суға кеткен

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар бөлімі департаментінің төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Жантөре Демешов мәлімдеді.

  «2019 жыл ішінде облыс бойынша 13 адам суға кеткен, оның 4-еуі бала.

2020 жылы облыс бойынша 27 адам суға батып кеткен, оның 6-ауы бала. Есепті мерзімнің қыс айларында 7 адам тілсіз жаудан өлім құшса, соның ішінде 3 баланың өмірі қиылған» дейді бөлім басшысы.

 Ал, былтырғы есеп бойынша аймақта 28 адам суға кеткен, оның 10-ы бала. 2021 жылдың қыс мезгілінде оқыс оқиға тіркелмепті. Айта кетейік, 23 қаңтар күні тоғыз жасар бала Перетаска каналына суға кетіп қайтыс болған еді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы оқиғаға қатысты жедел баспасөз мәслихатын өткізді.