Атырауда соңғы екі күнде 2 бала терезеден құлады

Бұл жағдайлар қаладағы Жұлдыз-2 шағынауданы мен Құлсары қаласында тіркелді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының берген ақпараты бойынша, 2 қыркүйек күні сағат 12.16-да Жылыой ауданында Құлсары қаласы, 5 шағынауданндағы 5 қабатты тұрғын үйдің 4 қабатының терезесінен  2013 жылы туған бала құлап, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Бүгінде жағдайы жағдайы ауыр.

Ал 3 қыркүйек күні сағат 16.20-да Атырау қаласы Жұлдыз - 2 шағынауданында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала 2 қабатты жеке үйдің 2-ші қабатындағы терезеден құлап, ауруханаға жатқызылды. Оның да жағдайы ауыр. Әртүрлі жарақат алған.

Статистикаға сәйкес, биыл 4 бала терезеден құлаған. Оның ішінде 5 бала түрлі жарақат алды. Өткен жылы 4 жағдай тіркеліп, 3 бала жарақат алса, өкінішке қарай екеуі қайтыс болды.