Атырауда шетел азаматы көлікті жалған куәлікпен басқарған

Бұл туралы AtyrauPress облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оны тәртіп сақшылары Telegram жұмыс чатына түскен шағым негізінде анықтаған. 

«Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 8 қазан күні қызмет атқару кезінде «Белсенді азаматтар 06» Telegram жұмыс чатынан республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолы бойында басып озу ережесін өрескел бұзу дерегі бойынша келіп түскен Chevrolet автокөлігін тоқтатқан. Тексеру жұмыстары кезінде 1997 жылы туған шетел азаматының 2020 жылы сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 2021 жылы Өзбекстан Республикасынан жалған жүргізу куәлігін кері жасатып, көлік басқарғаны анықталды», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.  

Қазір Өзбекстан Республикасының азаматы қамауға алынып, тиісті іс-шаралар қабылданып жатыр. 

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Фото: freepik.com