Атырауда Республика күніне орай бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Жалпықалалық жәрмеңкеге ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер де шақыртылады.

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Жәрмеңке 21 қазан күні сағат 10:00–13:00 аралығында «APEC» базасында өтеді. Мекен жайы: Нұрсая шағын ауданы, Ел Орда көшесі, 24. Жұмыс іздеуші азаматтар өзімен бірге түйіндемелерінің бірнеше данасын ала келуі шарт, - деді А.Мәмбетов.

Қосымша сұрақтар үшін 87122 35 41 59 нөміріне хабарласуға болады.