Атырауда қызметтік көлікке GPS орнату ұсынылды

Атырауда өткен жиында аймақ басшысы қызметтік көлікке бақылау қажет екенін айтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов 2023 жылы мемлекеттік қызметкерлерге берілген қызметтік көлікке арнайы GPS орнатып, бақылаушы орган бекітуді қаперге берді.

Сондай-ақ, 15 желтоқсанға дейін қаражаты  игерілмеген 72 нысанға талдау жасау үшін басқарма басшыларына нақты міндеттеме жүктеді.

Сонымен қатар жыл қорытындысында қаржыны иегере алмай кемшіліктерге жол берген лауазымды тұлғаларға қатаң шара қолданылатынын ескертті.