Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
2 қазан күні сағат 7.00-14.00 аралығында қала күні қарсаңында ұйымдастырылатын қалалық марафонның өткізілуіне орай, Қ.Сәтпаев көшесі бойы Орталық көпірден бастап Әбілқайыр хан даңғылы қиылысына дейін және Әбілхайыр хан даңғылы бойы Қ.Сәтпаев көшесімен қиылысынан Әбілхайыр хан – Сұлтан Бейбарыс даңғылдарының қиылысына дейінгі аралықтар марафонға қатысушылардың қауіпсіздігі үшін уақытша жабық болатындығын хабарлайды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына аталған өзгерістерді ескерулеріңізді сұрайды.